Петропавл жылу электр орталығындағы апаттың алдын ала себебі аталды
Петропавл жылу электр орталығындағы апаттың алдын ала себебі аталды
150
оқылды
Петропавлдағы екінші жылу электр орталығының түтін мұржасының құлауына не себеп болғаны анықталды. ҚР Энергетика министрлігі белгілеген технологиялық бұзушылықты тексеру комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, мұржаның құлауына түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы себеп болған.
"Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы "шық нүктесінің" шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналғандығы болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді", - делінген хабарламада.
№ 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларын сақтау бойынша сараптамалар жүргізу белгіленді.
Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы бұдан әрі жалғасады.