«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы және саяси ұйым жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Жамбыл ауданында орналасқан Ерназар, Өрнек және Жұма стансаларын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойыша жүргізіліп жатқан жұмыстарға рейд жасады.
Аталған елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамту Жол қартасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Жауапты мер-дігер – «Ақбарыс строй LЕД» ЖШС.
Арнайы топ рейд барысында елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарының жай-жапсарымен танысып, құрылыс сапасын қадағалады. Сондай-ақ аудан әкімдігінің құрылысқа жауапты басшыларымен және ауыл округтерінің әкімдерімен кездесіп, мән-жай білісті. Одан бөлек, осы жобаны жүргізіп жатқан мердігер мекеменің өкілдеріне құрылысты сапалы орындау, жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлеу, құрылысты жоспардан кешіктірмей аяқтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Жобаның атқарылуы алдағы уақытта партияның бақылауына алынатын болады.