Жолдау шекарашылар арасында талқыланды
Жолдау шекарашылар арасында талқыланды
466
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақ­стан хал­қына арнаған Жол­да­уын насихаттау және түсіндіру мақ­сатында ҰҚК Шекара қыз­меті Жағалау күзеті 3-ди­визионының жеке құрамымен кездесу жиыны өтті. Дамбы ауылдық округінің мәдениет үйінде ұйымдасты­рыл­ған жиынға «AMANAT» партиясы Аты­рау облыстық филиалы ат­қарушы хатшысының міндетін атқарушы Арман Азаматов, облыстық мәслихат де­­путаты Айгүл Әмірғалиева, пар­тияның облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мәлік Кариев, Хисмет Табылдиев атындағы Каспий маңы тарихы, археология және этнология ғы­лы­ми-зерттеу институтының та­рих ғылымдарының докторы, профес­сор Сайфолла Сапанов қатысты. Кездесу жиынында жеке құ­рам­ға Жолдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, оның әр бағыты бо­йын­ша жан-жақты тоқталып, ал­да тұрған міндеттері аталып өтілді. Сонымен қатар Дамбы ауыл­дық округі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілекқабыл Мұратолла сөз сөйлеп, «Жаңа Қазақстанды» құру жолында Президент Жол­дау­да тапсырған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты өз ұсынысын жеткізді.