Қосымша табыс – 346 млн теңге
Қосымша табыс – 346 млн теңге
352
оқылды
2021 жылы қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобаларын экспорттаудан түскен табыс 346 млн теңгеден асты. Ғалымдар ғылыми жобаларды халықаралық нарыққа шығару арқылы қосымша табыс алады. Жобалар Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия, Қырғыз Республикасы сияқты елдерге экспортталады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде қазақстандық ғалымдар шетелдік ғалымдармен бірге медицина, нано және биотехнологиялар, жасанды интеллект, геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі және экология саласындағы заманауи жобаларға қатысып жатыр. Ғылыми жобалардың арасында кобальт-57 радиоизотопы, жел жә­не күн энергиясын өндіретін ге­­­нераторлар, саңырауқұлақтарға қар­сы препарат, медициналық, та­ғамдық және тұрғын үй-жай­лар­ды санитарлық тазартуға ар­нал­ған биологиялық өнімдер, сүт сарысуы негізіндегі сусындар, про­био­тиктер және тағы басқасы бар. «Соңғы 2 жылда 130-ға жуық жо­ба қаржыландырылды. Қор – ғы­лыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаларды гранттық қаржыландыру операторы. Бүгінде біз ғылымды қажет ете­тін 120 өндірісті іске қостық, оның 15-і өнімін экспортқа шығарып үлгерді. Сонымен қатар 1,5 мың­ға жуық жұмыс орны құрылды. Зияткерлік меншік авторлары мен ғылыми жобаларды пайдаланатын кәсіпорындар арасында 45 лицензиялық келісім жасалды», – деді ҚР БҒМ Ғылым қоры бас­қармасының төрағасы Арын Орсариев. Ғылым қорының қолдауымен «Ан­тиген» ғылыми-өндірістік кә­сіп­орнының ғалымдары куль­турал­дық вакцина өндіру тех­ноло­гиясын әзірледі. Бұл жоба үй жә­не жабайы жануарлардың құтыру ауруының таралуын алдын алуға бағытталған. Бүгінде вак­цина Грузияға жеткізілді. Мик­ро­биология және вирусология институтының ғалымдары са­рысу негізіндегі тағамдық құн­ды­лығы жоғары отандық сусын шығаруды қолға алды. Сусынның бүйрек пен бауырды жақсартады, сондай-ақ бүкіл ішектің жұмысына оң әсер етеді. Сонымен бірге рев­матизмдегі қабынуды азайтуға көмектеседі, гипертония кезінде қысымды қалыпқа келтіріп, атеросклероз қаупін азайтады.