6 058 адам жұмысқа тұрды
6 058 адам жұмысқа тұрды
382
оқылды
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 6 058 адам жұмысқа ор­наластырылды. Өңірдегі жұ­мыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен (4,9 %) тө­мен. Өңірдің жұмыспен қамту қыз­метіне бірінші тоқсанда 7 136 тұрғын жүгінді. Кә­сіп­кер­лік­ті дамытудың 2021-2025 жыл­дарға арналған ұлттық жо­басы аясында 6 058 адам жұ­мыспен қамтылды. Оның ішін­де 3,3 мың үміткер бос орын­дарға жолдама алды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабар­ла­ды. – Әлеуметтік жұмыс орын­дары­­на – 294, қоғамдық жұмыстар­ға 2 310 адам тартылды. Жастар тә­жірибесінен өту мүмкіндігін өңір­дің 118 тұрғыны пайдаланды. «Ұр­пақтар келісімшарты» жобасы бойынша екі жас маман шеберлігін арттыра алды, – деп атап өтті Жұ­мыс­­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова. – «Бірінші жұмыс орны» жо­­­­басы аясында 20 адам жұмысқа ор­наластырылды. Бұл бағдарламаны 29 жастан аспаған жастар пайдалана алады. Мысалы, жұмыс тә­жіри­бесі жоқ түлектер, жұмыс­пен қамту орталығында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұ­­мыссыз деп танылған жастар, со­ның ішінде NEET санатындағылар. Сондай-ақ өңірде «Ұрпақтар ке­лі­сімшарты» жобасы жүзеге асы­ры­лып жатыр. Ол зейнеткерлік жас­қа толған жұмыс істеп жүрген жұ­мыскерді кейіннен ауыстыра оты­рып, жас мамандарды жұмысқа ор­наластыруға бағытталған. Осы жылдың қаңтар айынан бас­тап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жастар практикасы» және «Ал­ғаш­қы жұмыс орны» жобаларына қатысу ұзақтығы мен еңбекақы мөл­шері ұлғайтылды. «Жастар тә­жіри­бесі» алты айдан бір жылға дейін созылады, жалақысы 30 АЕК (91 890 теңге). «Бі­рін­ші жұмыс орны» жобасын іске асыру шең­берін­де 30 АЕК жалақымен 12 ай­дан 18 айға дейін жұмысқа орна­ла­суға кепілдік берілген. Зейнет жасына жақындаған жұ­мыссыз адамдар үшін «Күміс жас» жаңа жобасы әзірленді. Биыл оны 534 адам пайдалана алады. Бұл рет­те мемлекет жыл бойы жалақыны субсидиялайтын болады. Ай сайын­ғы субсидия мөлшері белгі­лен­ген жалақының 50 пайызы, бірақ салықтарды, міндетті әлеу­мет­тік аударымдарды, пайда­ла­ныл­маған еңбек демалысы мен банктік қызметтер үшін өтемақыларды ескере келе 30 АЕК-тен аспайды. – Бүгінде жұмыс берушілер мен зейнеткерлік жасқа жақында­ған тұлғаларды тарту бойынша жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру республикалық бюд­жеттен қар­жыландыруға байланысты бас­талады, – деп қосты Әсем Жүніспе­кова. Жұмыссыздарды жұ­мыс­­пен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру туралы ақпараттандыру үшін өңірде жыл­жымалы мобильді жұмысқа ор­на­ластыру пункттері жұмыс істей­ді.

Қарағанды облысы