Өрт кезінде бүкіл отбасы үйде болған. Балалар анасымен бірге қашып үлгерген, тек отағасының қолы күйіп қалған. 43 жастағы ер адамның өміріне қауіп жоқ.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт қысқа тұйықталудан шыққан. "Көктал" шағынауданындағы үй толығымен өртенген. Қазір отбасы жеті баласымен баспанасыз көшеде қалды.
"Үйден ештеңе қалмады. Бүгін туыстарымызға түнедік, бірақ ол жақта да адам көп. Олардың алдында ыңғайсыз. Қазір жергілікті қоғамдық орындарда бізге көмек қоры ашылды. Талдықорғандықтардың алаңдаушылық білдіргені үшін алғысым шексіз", - дейді Мәншүк.
Әкімдік мәселенің мән-жайын біледі, тіпті оқиға орнына келген. Жеті баланың анасының айтуынша, жергілікті билік тек жаңа баспана табуға көмектескен. Алайда отбасы оның ақысын өздері өтеп отыр.
"Жиналған қаражатқа жаңа үй аламыз. Әкімдік іздеуге көмектесетінін айтты. Бүгін бір-екі нұсқаны қарастырдық, бірақ олар бізге сәйкес келмейді. Балаларым осында жақын жерде оқиды. Оларға жол жүру ыңғайсыз болады", – дейді әйел.
Отбасындағы балалардың үлкені 15 жаста болса, кенжесі бар болғаны – бір жаста. Біреуі – мүгедек.