"Қазақтелеком" акциясының 28,8 пайызы мемлекетке қайтарылады
"Қазақтелеком" акциясының 28,8 пайызы мемлекетке қайтарылады
©zakon.kz
403
оқылды
Қазақстан Үкіметі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  "Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", - делінген қаулы мәтінінде. Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызын құрайтын, яғни  413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.