2 мың адамның өмірін жалмайды
2 мың адамның өмірін жалмайды
297
оқылды
Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан жыл сайын ша­мамен 2 мыңнан астам адам қаза табады. Бұл туралы Ішкі істер ми­нистрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төра­ғасы Атығай Арыстанов Ор­талық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «Соңғы 5 жылда ел аумағын­дағы жолдарда жыл сайын орта есеппен 2 мыңнан астам адам­­ның қаза табуы байқалып отыр. Тағы 20 мыңнан астам адам түрлі дең­гейдегі дене жарақатын алды. Жыл басынан бері республика көлемінде 2 600-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Сал­дарынан 410 адам қаза тауып, 3,5 мыңнан астам адам жарақат ал­ды», – деді Спикер.

Ш.АТЫХАНҰЛЫ