Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, енді қонақүй салынбайтын болды.
Маңғыстау облысында туризмді дамыту үшін Бозжыра шатқалына қонақүй салу жоспарланған еді. Алайда қонақүй салуға табиғатты қорғаушылар қарсы шықты.
«Жобаны жүзеге асырмақ болған «Tethys Aktau IV» ЖШС-ның ауызекі ақпаратына сәйкес, Бозжыра шатқалындағы қонақүй мен этноауыл құрылысының жобасы инвестордың бастамасымен тоқтатылды» делінген әкімдік таратқан хабарламада.