«Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады, – деп жазады inbusiness.kz.
«Биыл 1 ақпанда «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз», – деді Олжас Беркінбаев.
Бұған дейін биыл 1 ақпанда Жанат Саматқызы «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.