Алматы облысында 4 жасар қызды зорлаған
Алматы облысында 4 жасар қызды зорлаған
©түркістан. кз.
365
оқылды
Алматы облысы Есік қаласында 4 жасар қыз зорланды. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі хабарлады. "Анасының туысы болса керек. Ол дүкенге шығып кеткен. Балаға шұғыл түрде ота жасалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тыйым салу бойынша заңдардың болмауы адамды азғындыққа әкеледі", - деді Таңсәрі. Бұл ретте Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, зорлау дерегін растады. Оқиға 13 сәуір күні Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. "Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысының 43 жастағы тумасы ұсталып, қазір қамауда отыр. Болжам бойынша, күдікті ер адам соңғы бірнеше күн бойы жәбірленушінің отбасында қонып, мас болған", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілері.