Қарлығаш Мұхамеджанова түсіру алаңында жарақат алып, емханаға түсті
Қарлығаш Мұхамеджанова түсіру алаңында жарақат алып, емханаға түсті
©www.nur.kz
731
оқылды
Елімізге белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджанова түсіру алаңында абайсызда жарақаттанып, түсірілімді тоқтатқан. Қазір актриса ем-дом алуда. Бұл жайында актриса парақшасында бөлісті. Айтуынша, ол абайсызда құлап, жамбасын ауыртып алған. "Өкінішке қарай, кешегі атыс-шабыс түсірілімі кезінде құлап, жамбасымды ауыртып алдым. Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Ешқандай сынық жоқ. Гематома бар, содан болар аяғымды баса алмай қалдым. Жақын арада жұмысқа ораламын, уайымдамаңыздар!" – деді Қарлығаш Мұхамеджанова. Сонымен қатар актриса емхананың медициналық қызметкерлерінің көмектескеніне алғысын білдіріп, «кәсіби мамандардың бақылауымен физиотерапиядан өтіп жатырмын» деп парақшасында жазды. Актрисаның жазылушылары болса, оның сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін білдірген.