«Алтын қалам» үздіктері
«Алтын қалам» үздіктері
319
оқылды

Алматыда дәстүрлі «Алтын қалам» әдеби бәйгесінің нәтижесі шығып, жүзден жүйрік шыққан авторлар марапатталды. Шығарма­шылық жұмыстар 15 наурыз бен 15 қыркүйек аралығында қабылда­нып, оқырмандар байқаудың ресми сайты арқылы дауыс берген. Байқау­ға ұзын саны 397 автордан 778 шы­ғар­ма келіп түскен.

Байқау­ға ұзын саны 397 автордан 778 шы­ғар­ма келіп түскен.

Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисы­қов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұр­ма­хан­бет, Татьяна Филипчик және басқалар енді. Байқау қорытындысы бойынша, балалар жазушыларына арналған «Дара­боз» бай­қа­уы­­ның бас жүлдесін және ZHERSU ин­вес­тициялық-өндірістік корпорациясы ұсын­ған 1 миллион теңгені Қарлығаш Са­ры­­баева жеңіп алды. Оқыр­манның және қазылар­дың таңдауымен «Жылдың үздік поэзия­сы» аталымында ақтөбелік Дәурен Тілеу­хан, проза аталы­мында шымкенттік Гүл­нәр Ізтаева, кино­сценарий және драма­тур­гия аталы­мында нұр­сұлтандық Қуа­ныш Жиен­бай үздік шық­қан. Өзге жеңім­паз­дар­дың тізімі тө­мендегідей: «Жылдың үздік сати­расы» – Амандық Сағынтайұлы (Аты­рау);

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» – Оралбек Бекболат (Кентау);

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» – Әбдіжәміл Нұрпейісов;

«Лучшая поэзия года» – Ольга Кувшинникова (Өскемен);

«Лучшая проза года» – Қуаныш Жиенбай (Нұр-Сұлтан);

«Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз» – Ксения Евдокименко (Алматы);

«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» – Ерлан Көшкінбаев (Алматы);

«Лучшая фантастика и детектив года» – Әлнұр Құрманғали (Алматы);

«Лучший киносценарий и дра­матургия года» – Ксения Евдоки­менко   (Алматы).


Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ