VI саммитке дайындық қалай?
VI саммитке дайындық қалай?
325
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Хатшылығының ат­қа­ру­шы дирек­то­рын қабылдады. Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының қазіргі жұмысы туралы мәлімет бе­рілді. Биылғы 12-13 қазанда Қа­зақ­стан астанасында өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық барысына ерекше назар аударылды. Кездесуде АӨСШК-ні Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толық­қанды халықаралық ұйымға ай­нал­дырудың перспективалары талқыланды. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстан төрағалығының басымдығы. Қайрат Сарыбай Қасым-Жомарт Тоқаевқа саммит қарсаңында кеңес­ке мүше мемлекеттердің сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен өткізген кездесулері туралы баян­дады. Сонымен қатар дипломат ұйымның жұмысындағы экономикалық өл­шемді жандандыру мәселесіне тоқталып, Жастар кеңесінің отырысын, сондай-ақ маусым айына жос­пар­­ланған Astana Financial Days халықаралық конференциясы аясында АӨСШК Іскерлік кеңесі мен бизнес форумын өткізуге қолдау көрсеткені үшін Президентке алғыс білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған кеңеске төрағалығының басымдықтарын тиімді жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саммит нәтижесі бойынша қабылданатын қорытынды құжат жобасын мұқият әзірлеу қа­жеттігін айтты.