Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады

Ж.НҰРЛАН Ж.НҰРЛАН
Сәуір 15, 2022
Мәжіліс Семей
15
қаралым

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалы­ғы­мен палатаның жалпы оты­рысы өтті. Онда депутаттар «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және оған ілеспе заң жобаларын бі­рін­ші оқылымда мақұл­дады.

Құжатта нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда арнайы құқықтық режимі бар Семей ядролық қа­уіпсіздік аймағын құру көзделеді.

Заң жобасы бойынша баян­дама жасаған Энергетика ми­нис­трі Болат Ақшолақов 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі ара­лықта Ұлттық ядролық орта­лық полигон аумағын толық тек­серіп, 2 миллионнан астам өлшеу жүргізілгенін және топырақтың 5 000-ға жуық үлгісіне талдау жасалғанын айтты.

– Биыл тексеру материалда­ры мемлекеттік экологиялық са­раптамаға жіберілетін болады. Содан кейін полигонның шартты таза және нормативтен тыс лас­танған жерлерінің шекаралары айқындалады. Олардың болжам­ды ауданы сәйкесінше 8 900 және 9 400 шаршы шақырым құрай­ды. Бұған дейін айтылғандай, ластан­ған жерлерді тиімді басқа­ру мақ­сатында олардың аума­ғында Се­мей ядролық қауіпсіздік аймағын құру ұсынылады, – деді министр.

Заң жобасын қабылдау тұ­тастай алғанда экология, халық­тың радиациялық қауіпсіздігі мәселелеріне оң әсер етпек.

Осы ретте палата Төрағасы аталған заң жобасы Семей по­лигоны аумағын зерттеуге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты екенін айтты.

– Бұл мәселе алғаш рет заңна­малық деңгейде реттелейін деп отыр. Жергілікті халық осы жер­лерді пайдалану жөнінде көптен бері айтып жүр. Мұнда алдымен кешенді экологиялық зерттеу жүр­гізіледі. Радиоактивті учас­ке­лер анықталып, онда Семей ядро­лық қауіпсіздік аймағы құрылады. Сол жерлерді қалпына келтіру үшін жүйелі жұмыс атқарылып, қаржы бөлінеді. Мақсат – бұ­рынғы полигон маңында тұратын халықтың радиациялық қауіпсіз­дігін күшейту. Ал табиғаты ластан­баған, экологиялық ахуалы жақсы жерлер ел игілігіне пайдалануға беріледі, – деді Ерлан Қошанов.

Палата Төрағасы аталған заң жобасының қаралуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Абай облысын құру жөніндегі шешімімен тұспа-тұс келіп отыр­ғанын айтып, бұл заң осы өңірдің экономикалық дамуына тың сер­пін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар жалпы оты­рыста Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңна­маны жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжаттың негізгі мақсаты – «Халықтың көші-қоны туралы» қолданыстағы заңнамасын және өзге де заңнамалық актілерін жетілдіру.

Жиында депутаттар зияткер­лік меншік cаласындағы заңна­маны жетілдіру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Оған авторлық, сабақтас құ­қықтар, өнеркәсіптік меншік объек­тілерін қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге ба­ғыттал­ған бірқатар түзету енгізілген.

Жалпы отырыста палата ко­митеттері «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» және оған ілеспе заң жобаларын, Әкімшілік құқықбұ­зушылық туралы кодекске толық­тырулар енгізу туралы заң жо­баларын жұмысқа алды.

Отырыс соңында Мәжіліс де­путаттары мемлекеттік орган бас­шыларына депутаттық сауал­дар жолдады. Атап айтқанда, де­путат Юрий Ли жуық арада ғана елімізде қаржылық пирамидадан зардап шеккен адамға қатысты мәселе көтерді.

Өз кезегінде Мәжіліс Төра­ға­сы бұл депутаттық сауалдың өзек­тілігін атап өтті.

– Президент қаржы пирами­даларына қарсы күрес бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тап­сырма берді. Депутаттар бұл жұ­мысқа белсенді атсалысуы ке­рек. Заң жобасы бойынша жұмыс­ты жеделдетіп, оны тез арада қа­былдау қажет, – деді.

Тегтер: Ерлан Қошановзаң жобаларыМәжілісСемейядролық қауіпсіздік

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаевтың Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»