Су тасқыны: Атырау облысы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды
Су тасқыны: Атырау облысы Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: youtube.com
Ойыл өзені арнасынан асып, су тасып жатқан Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ойыл өзенінде су деңгейі көтеріліп, арнасынан асты.
«Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтіп, Ойыл өзенінің арнасынан тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 8(71238)2-17-84, 101, +7 7771935380 Call-орталыққа қоңырау шалуға болады», – деді департамент өкілі.
Аудан орталығы Миялыдан Жангелдин ауылына қатынайтын жол жабылды.