Петропавлда айыппұл тұрағында тұрған көліктер өртеніп кетті
Петропавлда айыппұл тұрағында тұрған көліктер өртеніп кетті
Фото: ПД-нен алынды
176
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 16.30 шамасында болған. Петропавлда айыппұл тұрағына қойылған 5 көлік өртенді. Қураған қамыс өртеніп, жалын айыппұл тұрағын да шарпыған. «Өртеніп жатқан аумаққа жолдың болмауы және жел жағдайды қиындатты. Қамыстан тұтанған өрт жақын маңдағы мамандандырылған айыппұл тұрағына ауысқан. Бұл нысан Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Тұрақта тұрған 5 көлік өртеніп кетті. Жалын шамамен 3 га аумақты шарпыды» делінген хабарламада.

Бұған дейін пошта өртеніп, сәлемдемелер күлге айналғаны туралы жазған болатынбыз.