Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

AMANAT: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Сәуір 15, 2022
AMANAT: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс 1
184
қаралым

Жол картасының орындалуы EasyProjесt ақпараттық жүйесіне енгізіліп, тұрақты бақылауда болады. Бұл туралы бүгін AMANAT партиясы Түркістан облыстық мәслихаттағы фракциясының мәжілісінде айтылды.

Аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев және облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов қатысты. Фракция отырысына 17 аудан, қалалық партия филиалдарының төрағалары, фракция мүшелері, барлық деңгейдегі 263 депутат, облыстық жауапты басқарма басшылары онлайн және офлайн форматта қосылды. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

 

AMANAT: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс 2

Өңірлік Жол карталарының 2021 жылы орындалуы және 2022 жылға жоспарланған жұмыстар туралы облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің есебі тыңдалды. Жол карта аясында 2021 жылы 7 бағыт бойынша 110 іс-шара жоспарланып, нақты 96,4 пайызы орындалған. Ал биыл 149 іс-шараны орындау жоспарда. Оған барлық қаржы көздерін тарту көзделіп отырғанын жеткізді. Дегенмен фракция жетекшісі былтыр орындалмаған 39 іс-шара қайта қаралып, тиісті басқармамен жұмыс жүргізу нәтижесінде олардың саны 34-ке қысқарған мәлімдеді. 5 іс-шара орындалу үстінде статусына енгізілді.

Осы тұста Б.Тәжібаев облыстық партия филиалының төрағасы Ө.Шөкеевтің өңірлік филиалдың кезекті XLI конференциясында жүктеген тапсырмаларының орындалуы қатаң қадағалауда екенін атап өтті. Сайлауалды уәделерді орындау бойынша Түркістан облысы Республика көлемінде 4-ші орында екенін хабарлап, өз баяндамасында депутаттық рейтинг жүйесі жайлы сөз қозғады.

– Өздеріңізге белгілі, рейтингтік жүйені жүргізу үшін арнайы интернет портал іске қосылып, әр депутатқа жеке кабинет ашылды. Депутаттық қызметтерді растау үшін материалдарды жүктеу және оны бағалау 3 бағытта жүргізілуде. 2021 жылдың қорытындысы алдағы маусым айында барлық фракция мүшелерінің белсенділігі жайлы мәліметтер жарияланатын болады, – деді фракция жетекшісі.

Сонымен қатар ережеге сәйкес депутаттардың рейтингтегі төмен көрсеткіштері олардың мандатын кері қайтаруға және партияның кадрлық резервін ротациялауға негіз болатынын ескертіп, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.

Күн тәртібіндегі 3-мәселе мектептердегі инклюзивті сыныптардың жай-күйі және методикалық қаржыландырылуы туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова баяндама жасады. Биыл инклюзияны қолдау кабинеттерінің арнайы педагогтерін әдістемелік сүйемелдеу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. 2021-2022 оқу жылында 17 аудан, қалада 1 мектептен инклюзивті білім беруді қолдау үшін ресурстық мектептер бекітілгенін хабарлады.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов қорытынды сөз сөйлеп, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

– Биылғы жылы облыс бойынша 1565 іс-шараны орындау міндеті тұр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 81 іс-шараның орындалмай қалу қаупі анықталып отыр. Осы орайда, былтырғы жылы Жол карта бойынша жұмыс істеген тәжірибемізді қолдана отырып жұмысты күшейтуіміз керек, – деді А.Сәбитов.

 

AMANAT: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс 3

Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер назарға алынып, қаулы қабылданды.

Тегтер: «Аманат»ЖаңалықтарТүркістан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»