Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Мырс-мырс» күлкі оқырманға жол тартты

Дәулет АСАУ Дәулет АСАУ
Сәуір 16, 2022
Мырс-мырс күлкі
66
қаралым

«Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» демекші, (Сейіт Кенжеахметов), әдебиеттің жүзі қылпылдап тұрған осы өткір жанрына батылы барып, ат шалдыратындар некен-саяқ. Бүгінде сатира сарбаздарының қатарында біздің әріптесіміз Әдебиет Белгібайұлы да бар.

Жақында Қарағанды қаласында сықақшының «Мырс-мырс» атты әзіл-сықақ әңгімелер жинағының тұсауы кесіліп, оқыр­манға жол тартты. Кітап «Мағауия Сембай атындағы журналистерді қолдау қоры» қоғамдық қорының демеушілігімен «Ortalyq Qazaqstan кітапханасы» сериясы аясында жарық көрді.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған күлкі корифейі, сатираның сардары Көпен Әмірбек ақжарма тілегімен, келісті әзілімен кештің көркін аша түсті.

– Қош, шабындықтай шабылып, пішендей үйілген, көдедей көп күлкінің ішіндегі Әде­биет­тің күлкісі қандай күлкі? «Мырс-мырс» күлкі. Кімге күле­ді? Нені келеке етіп, неменені келемеждейді? Тақырып аясы кең. Бүгінгі бүтін қоғамның жегі құр­тына айналған жемқорлық пен парақорлық, аярлық пен аш­көздік, ұйымдасқан қылмыс пен ұйыққа батырған сыбайластық. Кей пенденің керенаулығын да кез­дікпен тілгендей «арам безде­рін» алып тастайды. Арамдықтан арыл­тады. Күледі. Мырс-мырс кү­леді, – деп сөзін бір қайырды са­тирик.

Осыдан кейін Көпен ағамыз шәкіртінің адами қырына қарай ауысты. «Біреуге бүйрегін берген азаматқа бүйрегің қалай бұрмайды» деп Әдебиеттің туған жиеніне донор болып, бір бүйрегін бергенін тілге тиек етті.

– Тұсауы жаңа кесілген «Мырс-мырс» кітабы – Арқа оқыр­маны үшін үлкен олжа. Мен Мағауия ағамыздың о дүниеде бауырларына осындай шапағатын тигізіп жатқанына толқып, тебір­еніп тұрмын. Қор әрі қарай да жұмыс істей береді. Жоспарлағанымыздай, жылда бір ардагердің, бір қызметкердің кітабын шығарып отырамыз, – деді кітаптың жарық көруіне тікелей себепкер болған қор төрағасы Ерсін Кәрібайұлы.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбек, шығарма­шылық ортада жүрген аға буын өкіл­дері мен жерлестері кеш ие­сіне жылы лебізін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

Кеш барысында Сәкен Сейфуллин театры әртістері автордың «Икасай» әңгімесін әдемі сахналап берді. Сондай-ақ қазақтың аяулы әншісі Сейіл Аяған, дәстүрлі әннің дүлдүлі Бекжан Әкей әнмен әр берді.

Тегтер: Әдебиет Белгібайұлыәзіл-сықақәңгімелер жинағыкүлкіМырс-мырс
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қай елдердің азаматтары Қазақстанда бизнеспен айналыса алады?

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты жанжал шықты.

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»