Белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың соңында бостандыққа шығуға үміт артып отыр, – деп жазады ҚазТАГ ақпарат агенттігі дереккөзге сілтеме жасап.
Дерекккөздің хабарлауынша, Қайрат Сатыбалды мемлекетке өзіне тиесілі емес барлық активті қайтарып, талап етілген қаражатты төлемек. Егер мемлекет қаражат көлемімен келіссе, ақшаны, айыппұлды төлеп, шілде-қыркүйек айларында бостандыққа шығуға ниетті.
Белгілі болғандай, Қайрат Сатыбалды мемлекетке "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 30%-ын қайтарып берген.