Айта кету керек, Қостанай қаласында өткен ТаzаLike жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияның XXII съезіндегі қоғамда экомәдениетті қалыптастыру туралы тапсырмасының және партияның жаңғыруы негізінде жүзеге асырылды.
Өткен демалыста «ANANAT» партиясының «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері TazaLike партиялық жобасы аясындағы алғашқы экологиялық акцияға қатысты. ТаzаLike партиялық жобасы экологиялық сана-сезімді қалыптастыруға және қоғамда экомәдениетті дамытуға бағытталған. Іс-шара барысында 100-ден астам белсенді жастар Гашек көшесіндегі қалалық жағалауды толықтай қоқыстан тазалады.
«Бұл жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық санасын арттыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығы адамның денсаулығына пайдалы екені өз алдына, оның көңіл күйдің көтеріңкі болуына да жағымды әсер ететіні рас. Сондықтан біз атқарып жатқан шара қалалықтарға тазалық қана емес, сонымен қатар көтеріңкі көңіл де сыйлайды деп сенеміз», – деп атап өтті «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Серік Манасбаев.
Осы акция арқылы қаламыздың жастары патриоттық рухты ғана емес, қоршаған ортаға деген қамқорлық деңгейін қолдайтынын көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, акцияға қатысушылар жағалауды толықтай тазартып шықты.