Жоспар 82 пайызға орындалды
Жоспар 82 пайызға орындалды
263
оқылды
«AMANAT» партиясының Маң­ғыстау облыстық мәсли­­ха­тын­дағы депутат­тық фракциясының отырысы өтті. Оған фи­­лиал төрағасы, об­лыс әкімі Н.Ноғаев және бас­­қар­ма­лардың басшыла­ры мен аудан-қала әкімдері қатысты. Оты­рыс­та саяси ұйым­ның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық­ты өмір!» сай­лауалды бағдарламасы ая­­сында Жол карта­сының был­­тырғы жоспарының орын­­­далу барысы, «Де­путаттар рей­­тингі» ақпараттық жүйе­сі­нің қорытындысы тал­қы­лан­ды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, облыста жоспар­лан­ған жобаның 92-сі орындалып (82,1 пайыз), 19-ы бойынша (17 па­йыз) жұмыстар атқарылып жа­тыр. Ал біреуі – Жаңаөзен қа­ла­сын­дағы су тазарту қон­дыр­ғы­сынан Теңге ауылына дейін су құбырын тарту жұмыстары жүр­­гі­зілмеген. Былтыр оған рес­­пуб­ли­калық бюджеттен қаржы бө­лін­бей қалған. Енді 2022 жылғы рес­публикалық бюд­жеттен осы жобаға 400 млн теңге қаражат бөлініп, конкурс­тық рәсім бас­тал­ды. Оның орын­далу барысы партия бақы­лауына алынды. Өткен жылы ауыл тұрғын­дарын ауызсумен қамту көр­сет­кішін 96 пайызға жеткізу үшін 7 ауылға (Басқұдық – 117,9 ша­қырым, Бекі, Жармыш, Ақжігіт – 11,6 шақырым, Рахат, Теңге – 9,4 шақырым, Қызылтөбе – 291,2 шақырым) сумен қамту желілері тартылды. Сондай-ақ Ақтау қала­сында электрмен жабдықтау бойынша 4 жобаның жұмысы аяқталды. Былтыр жалпы 139 шақырым автомобиль жолын салу мен жөндеу жоспарланып, оның 77 пайызы немесе 106,9 шақырымы төселді. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдай­дағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 92,8 пайыздан 95 пайызға артты. Өңірде барлық қаржы көздері есебінен жалпы ауданы 1 208 мың шаршы метр тұрғын үй пай­да­лануға берілді. Оның ішінде «Нұр­лы жер» бағдарламасы ая­сын­да 928 пәтер іске қосылып, оның 152-і көпбалалы отбасы­лар­ға және 1 102-сі несиелік тұр­ғын үй бағыты бойынша берілді. Сонымен қатар «Бақытты от­басы» бағдарламасы бойынша ха­лықтың әлеуметтік осал топта­рын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 173 отбасына тұрғын үй сертификаты тапсырылды Есептік кезеңде әлеуметтік салада бірқатар объекті іске қо­сылды, олар: 100 төсектік онко­ло­гиялық орталықтың құрылысы аяқталды және Қызылсай ауы­лында 50 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория қолда­нысқа берілді; 1 370 орындық 22 мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымы ашылды; мүм­кіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер құру мақса­тында 230 орындық 2 оңалту орталығы іске қосылды; 1 225 орындық 5 же­кеменшік мектеп, 1 500 орын­дық 2 мемлекеттік мектеп ашыл­ды. Тағы бір маңызды бағыт – жастар саясаты бойынша «Жасыл ел» жазғы еңбек жасақтарын ұйым­дастыру арқылы 1 410 жас облыстағы елді мекендерді абат­тан­дыру және көгалдандыру жұ­мыс­тарына қатысты. Партияның облыстық фи­лиа­лы­ның төрағасы, облыс әкімі Н.Ноғаев партияның кезектен тыс XXII съезінде ел Президенті, партия Төрағасы Қ.Тоқаевтың «Партияның өміршеңдігі сай­лауалды уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Партия Үкі­метпен және әкімдіктермен бір­лесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуын түбегейлі қадағалауы керек» деген тапсыр­масын атап өтті. Облыстық мәслихаттың де­пу­таттары С.Битан, Л.Меңді­ға­лиева сайлауалды бағдарламаның орындалысы бойынша оң пікір білдірді. Күн тәртібіндегі екінші мә­селе бойынша «AMANAT» пар­тиясы облыстық филиалы ат­қарушы хатшысының орынба­сары З.Есбергенова сөз тізгінін алып, «Депутаттар рейтингі» ақ­параттық жүйесінің 2021 жыл­ғы қорытындысы туралы айтты. Фракцияның отырысында депутаттардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріліп, тиісті ше­шім­дер қабылданды. Жиналыс­тың хаттамасы жауапты мем­лекеттік органдарға жолданатын болады.