Денсаулық сақтау басқармасы Бақытжан Позилов қызметінен кетті. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.
Ол қызметтен кету себебін отбасы мен жақындарының денсаулығына көңіл бөлуге уақыты жетпей жүргенімен түсіндірген.
«Кейінгі кездері еңбек демалысын, бірнеше рет жалақы төленбейтін ақысыз демалыс алдым. Себебі, жақындарыма менің көмегім қажет болды. Басшылық қызметте кезек күттірмейтін шұғыл мәселелерді шешу керек. Ұдайы қарбалас жұмыс кестесі болғандықтан жұмыстан кетуге шешім қабылдадым», – деп жазды Бақытжан Позилов.
Ол 2020 жылдан бері Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарған еді.