Қаңтар оқиғасы кезінде ғимараттарды қиратқандарға кім 100 доллардан таратқан?
Қаңтар оқиғасы кезінде ғимараттарды қиратқандарға кім 100 доллардан таратқан?
Фото: 9111.ru
322
оқылды

Алматы облысы Талдықорғанда мемлекеттік нысандарды басып алғандарға 100 доллардан таратқандар анықталды.

Бас прокуратура  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар ұсталды.
«Алматы облысында О. және Н. есімді екі адам анықталды. Олар Талдықорғанда мүлікті қиратып, мемлекеттік нысандарды басып алуға  қатысқандарды қаржыландырған. Әрбіреуіне қиратуға қатысқаны үшін 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген», – деді Елдос Қилымжанов.
Бұған дейін Мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.