Мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды
Мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды
Фото: avesta-news.kz
214
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу соты бір топ адамды қамауға алды. Қылмыстық істердің «құпия» белгісі бар. Сондықтан тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді. Бұған дейін ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алу әрекеттері туралы 15 іс қозғағанын хабарлаған болатынбыз.