Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, енді жеңілдетілген автонесие алу үшін бастапқы жарна төлеудің қажеті жоқ.
Несие шартына өзгеріс енгізілді. Автонесиені 15 миллион теңгеге дейін алуға болады.
Жеңілдетілген несие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген несиені екі жылда бір-ақ рет алуға болады.
Жеңіл көлік сатып алуға несие беру тәртібі мынадай:
• сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
• несиелендіру сомасы – 15 млн теңге;
• қаржыландыру мерзімі – 7 жыл;
• бастапқы жарна жоқ;
• көлік құны 15 миллион теңгеден аспайды.
«Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарт бар. Шартқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс. Қарыз алушы екі жылдың ішінде бір рет қана автонесие ала алады» делінген министрліктің хабарламасында.