«Қазгидрометтің» мәліметінше, 21, 22 және 23 сәуір күндері ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжамынша, 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны ала келеді.
«Солайша, жаңбырдың қарға айналуы және ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 3-8 градус аязға дейін, елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста жаңбырдың соңы қарға айналады. Бірақ оңтүстік өңірлерде қалыпты ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жоғары температура сақталады» делінген хабарламада.