Таразда алып нәресте дүниеге келді
Таразда алып нәресте дүниеге келді
596
оқылды
Тараз қаласында алып нәресте дүниеге келді. Баланың салмағы 5 келіден асып жығылады. 29 жасар әйелдің мұндай нәрестені дүниеге әкелгені көпті таңғалдыруда. Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығына қала тұрғыны толғағы қысып жүгінген. Дәрігерлердің тексеруінен кейін шарана анасының құрсағында басымен емес, көлдеңең жатқаны анықталған. Сондай-ақ нәрестенің салмағы әдеттегіден үлкен екені көрінген. Ана мен бала өміріне қауіп төндірмеу үшін дәрігерлер шұғыл түрде Кесарево тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 5 келі және бойы 62 см қыз бала дүниеге келген. Жалпы жыл басынан бері перинаталдық орталықта 2135 бала дүниеге келсе, оның ішінде 5 келіден жоғары салмақпен туылғандар саны – 13. Бұл соңғы кездері нәрестелердің ірі денелі туылып жатқанын айғақтап тұрғандай.