Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі лауазымынан босатылды.