Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, болған оқиға туралы 102 пультіне сигнал, өтініштер түскен жоқ. Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау үшін жедел бөлімше тексеру іс-шараларын жүргізуде. Тәжірибеге сүйенсек, бұл пранк немесе қандай да бір шығармашылық өнімнің түсірілімі болуы мүмкін. Қалай болғанда да, тексеру шаралары жүріп жатыр», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
ҚР Қылмыстық Кодексiнің 125-бабы «Адамды ұрлау» бойынша қылмыс жасаған адамға төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
https://www.youtube.com/watch?v=fAz_6CzspFU