Сайлауалды уәделер 97% орындалды
Сайлауалды уәделер 97% орындалды
437
оқылды
Жол карталарында жоспар­ланған іс-шаралар мен индика­торлардың орындалуы бойын­ша өңір республика деңгейінде алдыңғы орындардың бірінде. Бұл туралы «AMANAT» партия­сының Жамбыл облыстық мәс­ли­хатындағы депутаттық фрак­ция отырысында айтылды. Жиынға фракция мен саяси кеңес мүшелері, мәслихат хат­шылары мен депутаттары, пар­тиялық бақылау комиссия­сының және партия жанындағы қоғамдық кеңестің төрағалары, басқарма басшылары және бей­небайланыс арқылы қала, аудандық филиал төрағалары мен атқарушы хатшылар қа­тыс­ты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынба­сары Т.Мамаевтың есебі тыңдалды. Ол партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр аза­матқа лайықты өмір!» атты Сай­лауал­ды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол карта­ла­рының 2021 жылғы және 2022 жыл­дың І тоқсанындағы көрсеткіш­терінің орындалу барысын баян­дады. Жиында партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Д.Бейсенқұлов депутаттық фрак­ция­лардың және партиядан сай­ланған депутаттардың рейтингісін қалыптастыру жайына тоқталды. Сондай-ақ партияның филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы айтты. – Қоғамдық кеңестердің саны оңтайландырылып, құрамы 30%-ға жаңарды. Қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауысты. Наурыз айынан бастап об­лыстық филиалдың ұйымдас­ты­руымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Саяси кеңес мү­шелерінің, жергілікті атқарушы орган уәкілдерінің қатысуымен бес ауданға қарасты шалғайдағы елді мекендерде көшпелі мобильді қо­ғамдық қабылдаулар өткізілді. Қабылдау барысында 300-ден астам тұрғынның өтініш-тілегі тыңдалып, партиялық бақылауға алынды, – деді атқарушы хатшы. Ол сондай-ақ партиядан сай­лан­ған депутаттар рейтингісі бо­йын­ша атқарылған және алдағы уақытта енгізілетін жұмыстар легі­нен құлағ­дар етіп, алдағы уақытта партия фи­лиалы тарапынан ха­лықтың әртүр­лі топтарымен жұмыс істеуге бағ­да­р­ланған «ТазаЛайк», «Әлеу­мет», «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» жобалары іске асырылатынын жет­кізді. Одан бөлек, Білім басқар­ма­сының басшысы Б.Жаманкөзов инклюзивті білім берудің жай-күйі туралы баяндап, Тараз қаласындағы №9, №32, №35 орта мектептердегі инклюзивті сыныптарды методи­калық қаржыландыру мәселесін көтерді. Партияның депутаттық фракция отырысында талқыланған барлық мәселе бойынша тиісті ұсынымдар мен шешімдер қабылданып, бір­қатар тапсырма жүктелді.