Зейнетақы активтерін қанша компания басқарады?
Зейнетақы активтерін қанша компания басқарады?
Фото: yandex.kz
202
оқылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, зейнетақы активтері төрт компанияның сенімгерлік басқаруына берілген. Атап айтқанда, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. Биыл 1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны 8,6 млрд теңге болды. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің 28,5%-на тең. Бұған дейін «Зейнетақы қорындағы ақшаңды алып беремін» – алаяққа сенген тұрғындар ақшасынан айырылғанын жазған болатынбыз.