Ертұрманы жақсы болса, қазанат қамшы салдырмайды
Ертұрманы жақсы болса, қазанат қамшы салдырмайды
Түркістан облысының Төлеби ау­данында Құр­банәлі Ағәділов есім­ді  қолөнер шебері бар. Ше­бер болғанда да анау-мынау емес, осы өнерді жан-тәнімен сүйетін, әрбір жұмы­сы­на ерекше  ден қойып атқаратын жан. Санға емес сапаға ерекше көңіл бөледі. Әсіресе, ер-тұрман жасағанда жанын салады. «Мен ертұр­манға кәдімгідей ғашықпын. Ананың балаға, қыз бен жігіттің бір-біріне деген ға­шық­тық сезімі болады ғой. Сол сияқты ертұр­ман менің жатсам-тұрсам көз алдымнан кет­пейтін әлемі­ме айналған» дейді кейіп­кері­міз.  Сон­дық­тан болса керек, қолөнер ше­бе­ріне еліміздің Көк­шетау, Қызылорда, Ақ­тау, Атырау секілді қа­лаларынан бөлек, Өзбекстан, Қырғыз Рес­публикасы, арысы Моңғолия, Түр­кия, Ресейден де тапсырыс беретіндер көп. Тап­­сырыс саны 3 000-ға жуықтап қалыпты. Алай­да оның бәріне үл­геру мүмкін емес екенін ай­тады ұста. «Алпыс­ты алқымдадық. Жас кү­ні­­мізде айына 15-ке дейін ер шаба беретін едім. Қазір көзім де жақ­сы көрмейді, айына 3-4-еуін ғана жасай ала­мын. Түсіп жатқан тап­сырыс­ты орындау үшін ма­ған әлі 200 жыл керек шығар» деп күледі кейіп­керіміз әзілдеп. ертоқым

«Бізге бренд іздеудің қажеті жоқ»

Иә, негізінен ертұрман жасайтын ұста зергерлік және былғары бұйым­дар­ды, сандық пен ат әбзелдерін де әзір­лейді. Қажетті желімді де, теріні  бір­неше күн бойы қайнатып, қолдан жа­сайды. 1991 жылдан бері 2 жарым мың ер шауыпты. Оның екі мыңы көк­парға арналған, қалған бес жүзі кү­міс­пен, мельхёрмен сәнделіп істелген әр­түрлі ертұрман екен. «Отыз жыл бойы жинаған өнерімді болашақ жас­тар­ға қалдырып кету мақсатында бей­не­таспа түсіріп, қолымнан келгенше әре­кет етіп жатырмын. Біздің елімізде ер­тұрман жасау туралы бір де бір кітап жа­зылмапты. Ол туралы мәліметтерді мұра­ғаттардан, кітапханалардан жи­нас­­тырдым.  Ер шабатын ағаштан бас­тап, ақын-жазушылардың өлеңдері мен әң­гімелеріне дейін оқып,  ертұрманға қа­тысты барлық мәліметтерді жиыс­тыр­дым», – дейді ұлттық бұйымдарды бойы­на сіңіріп, осы саланы бүге-шү­гесіне дейін зерттеп жүрген шебер. 30 жыл ғұмырын қолөнерге арнаған шебер қа­зір ертұрман энциклопедиясын жа­зып бітіруге таяған. Жазып қана қой­май, қазақ тарихындағы ертұрманның 23 түрін жасау үстінде.  Қазақ тарихында осындай ертұрманның болғанын елге көр­сету үшін тынбай еңбек етіп келеді. Әлем­де мұндай отызға тарта ердің түр­лерін тек біздің қазақ ұсталары ғана жа­сағанын еске салған Құрбанәлі аға қа­зір тек 2 түрі ғана қолданыста екенін ай­тады.  «Қазір біздің Қазақстанды Өз­бек­станның панера ері мен қырғыздың қас­тары темірден жасалған ертұрманы ба­сып барады. Ат әбзелдерінің көбісі өзге елден келіп жатыр. Себебі ер ша­ба­тын ұста аз. Бар-жоғы – 5-6-ауы ғана. Ба­зарда ерге ұқсаған дүниелерден көз сүрінеді. Бірақ олар нағыз ер емес. Ер ат­қа жабысып тұруы тиіс», – дейді ше­бер. қолөнер Негізінен қазақ ерінің қатарына үй­сін ері, найман ері, қоңырат ері, ке­рей ері, қыпшақ ері, әйел ер,  оңтүстік,  сол­түстік , шығыс, батыс, орталық Қа­зақ­стан ерлері, құзқұйрық ер, шошақ­бас ер, қалмақбас ер, айбас ер, ежелгі ғұндар мен сақтардың ері, Атиланың  (Еділдің) ері  деп жалғасып кете береді. Қолөнер шебері мұның бәрінің сұл­ба­сын жасап қойған. 13-і дайын тұр. «Қа­зақтың осындай өнері бар екенін, сәй­гүлікке ерекше мән бергенін көр­сеткім келеді. Өсіп келе жатқан жас­тарға таныстырғым келеді», – дейді кейіп­керіміз. «Біз бренд іздеп жүрміз. Біз­дің брендіміз – жылқы. Оның өнімі – қымызы мен қазы-қартасы. Жыл­қы­ны әлемде  алғаш рет қолға үйреткен де, ертұрман мен үзеңгіні ойлап тап­қан да біздің бабаларымыз. Әлем мойын­дап та қойған. Әлемнің мәдени астанасы саналатын Париждегі Эйфель мұнарасы жанындағы «Адам» музейінде  французша алтын әріппен «алғаш ат қолға үйретілген жер Қазақстан аймағы» деп жазылып тұр. Ат үстінде жүрген ата-бабаларымыздың рухы мықты бол­ған. Жылқы адамның бойына рух, күш береді. Бабаларымыз талай жаугершілік заманда ат үстінде елін аман алып қал­ған. Атам қазақ рухы мықты жауын­гер дайындауды ұлттық ойындар арқы­лы-ақ жүзеге асырған. Қазақтың ұлт­тық ойы­нының басым бөлігі ат үстін­­де өтеді. Мәселен, көкпар  қазақ­тың деле­бесін қоздырып, қанын қыз­дыра­ды.  Жал­пы, аттың үстінде шабу – кез кел­ген қазақтың құмары. Сол сияқты атқа құмарлық, аттың әбзелдеріне құмарлық бұл қазақта басылмайды. Мақал-мә­тел­дерінде де көп. Демек, жылқы малы осын­дай құнды болып тұрғанда ат әб­зелдері де сондай сұранысқа ие. Ал ер шабу өнері бүгіндері кенжелеп мүлдем өшіп қалудың аз-ақ алдында тұр», – деп қынжылды әңгіме барысында кейіп­керіміз.

Кәсіптік пән ретінде енуі тиіс

Құрбанәлі Арыстанбекұлы ер шабу өнерінің жайы қатты мазалап жүргенін жет­кізді. Жасы ұлғайған сайын онсызда еліміздегі 5-6 ғана  ер шабатын ұстаның қа­тары кеміп бара жатқанына қынжы­ла­ды. Қолөнер шеберлеріне қолдау қа­жеттігін айтқан ол бар ойы мемлекет та­рапынан қолдау тауып, кәсіптік кол­ледж­дерге пән ретінде енсе дейді. «Ең ал­дымен ұлттық өнерімізге бүгінгі жас­тарды қызықтыра білу керек.  Ата-баба­мыздан қалған өнерді өшірмей, жас­тарға үйретіп, болашақ ұрпаққа жет­кізіп кету үшін әрбір аймақта қолөнер мектебі ашылуы тиіс.  Дәл қазір Жаңа Қазақстанды құру жолында ел арасында жұмыссыздықты азайтқымыз келсе, ұлттық кәсіпке баулитын өнер мектебі ашыл­са, нұр үстіне нұр болар еді. Ме­нің ойымша, әрбір ата-ана өз баласын бұл мектепке беруге қуана келісер еді. Ұлттық өнер мектептерінен жылына жүз­де­ген шәкірт білім алып шықса, сон­ша жұмыссыздық та азаяды. Мен тіп­ті тегін сабақ берер едім», – дейді қолөнер шебері. Әрбір ұлт өзінің өнері­мен ғана өшпейтінін, дамуға бет ала­ты­нын ашына жеткізді тағы да ол. «Эко­номика қанша дамыса да, ұлттық өнер­сіз бізді әлем мойындамайды. Ащы да болса шын­дық, өнер жағынан көр­ші мемлекеттерден артта қалып келеміз», – дейді. ертұрман Ердің атқа жайлы, адамға ыңғайлы болуына, мықтылығына назар аудара­тын шебер біреуін істесең де сапалы етіп жаса деген ұранмен жұмыс істейді. Өзі тәрбиелеген он шақты шәкіртінің құлағына да осы сөзді құйып отырған. Ұстаның бойындағы өнер нағашы жұртынан дарыса керек. «Менің туған нағашым Әлімбай Садықов Мойынқұм ауданында тұратын еді. Өзі он сауса­ғы­нан өнер тамған шебер болған. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары көрші облыстың Мойынқұм ауданының ор­та­лығы Фурмановка ауылында ертұр­ман жасайтын өнеркәсіп комбинаты  ашылған болатын. Сол жерге менің атақты ұстазым Әзімбай Нұрбековті Кен­тау қаласынан алдырып үй беріп, барша тұрмыстық қажеттіліктерін жа­сап береді. Ол жергілікті ұсталарға ер шабу әдістерін үйретеді. Бұл өнеркәсіп комбинатынан шыққан ер тұрмандарды Моңғолияға өткізіп, ол жақтан отар-отар қой алып келетін болған. Бұл кәсіп­орын 1993 жылға дейін жұмысын тоқтатқан жоқ», – дейді қолөнер ше­бері. Айтқандай, ҚР Шеберлер одағы­ның мүшесі Құрбанәлі Ағаділовтің соққан зергерлік бұйымдарын бүгінге дейін 7 шет мемлекеттің өнер шеберлері мойындап, жоғары бағасын берген. Қа­зақстан, Өзбекстан, Қырғыз Респуб­ли­касы президенттеріне сыйлаған ат әбзелдерінің де ерін шапқан білікті ше­бер.

Түркістан облысы