Түркістан облысында сел жүріп, 400-ге жуық мал қырылды
Түркістан облысында сел жүріп, 400-ге жуық мал қырылды
Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігінен алынды
473
оқылды
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында сел жүрді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күні жауын жауып, су тасып, сел жүрді. Табиғи апат салдарын жою үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев бастап, төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылып, Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округіндегі жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан кейін  суды мотопомпа арқылы шығарып жатыр. Аудан әкімі Арман Айдарұлы Қақпақ ауыл округі Заңғар елдімекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша арнайы төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге мотопомпа арқылы суды шығарып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов бастап арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері Шанақ ауыл округі Шанақ елді мекеніне сай-саладан келген судың салдарынан ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып, су кірген үйлерді мотопомпа арқылы судан тазартып жатыр. Ауыл округі әкімдері әрбір елді мекенді аралау барысында Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенінен сел өткенін анықтады. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал шығыны болған. Қақпақ елді мекенінде 200 жуық (қой, ешкі) малдың шығыны болған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі селден зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру және шығындарын есептеу үшін шұғыл тапсырма берді.