Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-25.04.2022
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-25.04.2022
Фото: stihi.ru
136
оқылды
«Қазгидромет» 26, 27, 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.   Күндіз еліміздің солтүстігінде 13-18-ден 20-25 градусқа дейін жылы, орталықта 8-18-ден 15-23 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 18-28-ден 23-30 градусқа дейін жылы, батыста 20-28 градус жылы, шығыста 10-18 градус жылы, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градус жылы болады. Батыс пен таулы аудандарда, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құмды дауыл мен жел күшейеді.