Сарыағаштағы су тасқыны: Бағыс ауылына баратын жалғыз жолды су шайып кетті
Сарыағаштағы су тасқыны: Бағыс ауылына баратын жалғыз жолды су шайып кетті
Фото: otyrar.kz
234
оқылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында су тасыды. Табиғи апат салдарынан Бағыс ауылына баратын жалғыз жолмен қауіпсіздік үшін жүруге тыйым салынды. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Қазығұрт ауданында жағдай тұрақтала бастады. Екі ауданда нөсер жауын салдарынан 7 ауылдық округтің 11 елді мекенінде үй мен қора-қопсы су астында қалды. Қырылған мал саны 370-ке жетті. Ауылдарды батпақтан аршып, қоқысты шығаруға Түркістан облысының өзге аудандарының халқы арнайы келіп, көмектесіп жатыр.