Алматыда 8 жасар оқушы қыз жоғалып кетті
Алматыда 8 жасар оқушы қыз жоғалып кетті
Алматылық полицейлер Алмалы ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен Белла Миронованы іздестіріп жатыр. Оқушы қыздың жоғалғаны туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр. Хабарламада кішкентай қыздың №34 орта мектепте оқитыны туралы жазылған. Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
«Жоғалған бала туралы ақпарат «102» пультіне бүгін кешкі сағат 16:20-да анасынан түсті. Қазіргі уақытта 8 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарына учаскелік полиция инспекторлары, жедел бөлім қызметкерлері мен ювеналды полиция мамандары жұмылдырылды. Белгілі болғандай, оқушы сабаққа бармаған. Кішкентай қыздың аман-есен табылатынына үміттіміз. Қазіргі уақытта волонтерлер де көмекке келді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.