Оралда жасөспірім іздестіріліп жатыр
Оралда жасөспірім іздестіріліп жатыр
255
оқылды
Оралда жоғалып кеткен 2006 жылғы жасөспірім іздестіріліп жатыр. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Нұрислам Сағындықов 26 сәуір күні таңмен сағат 07.30 шамасында Зачаган кентінен КазИИТУ колледжіне сабаққа кеткеннен оралмаған. Нұрисламның бойы 170-175 см, орта денелі, ерекше белгілері жоқ, есепте тұрмайды. Бұрын үйінен кетпеген. Басында сары кепка, үстіне сары толстовка, сұр джинси, аяғына сұр кроссовка киген. Ұялы телефон нөмірі – 8-776-184—08-77.
«Қазіргі кезде жасөспірімді іздеуге департаменттің жеке құрамы жұмылдырылды. Оны көрген, хабары бар адамдар болса, 8(7112) 92-15-01 телефонына қоңырау шалғаны жөн»,– деп хабарлады ведомстводан.