1,5 млн теңге айыппұл: алматылық азамат бір күнде жол ережесін 92 рет бұзған
1,5 млн теңге айыппұл: алматылық азамат бір күнде жол ережесін 92 рет бұзған
323
оқылды
30 жастағы алматылық азамат бір тәулік ішінде 92 рет жол ережесін бұзған. Оған салынатын айыппұл сомасы 1 млн 541 мың теңгені құрады. 26 сәуірде Алматы тұрғыны жалған нөмірмен жүріп, бірнеше рет жол ережесін бұзған. Полицейлер оны «Қорғау Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтады.
«Өткен тәулікте ғана «Қорғау Сергек» жүйесі қала жолдарында жалған нөмір пайдаланған 11 автокөлік жүргізушісін анықтады. Олар жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын 790 құқық бұзушылыққа жол берді. Құқық бұзушылыққа қатысы бар автокөліктер анықталып, арнайы айып тұрағына қамалды», - делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.
Жыл басынан бері жалған нөмір қолданғаны үшін 171 жүргізушіге айыппұл салынған.