Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі көлігі өртеніп кеткендерге 258 миллион теңге төледі
Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі көлігі өртеніп кеткендерге 258 миллион теңге төледі
Фото: ainews.kz
203
оқылды
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде көлігінен айырылғандарға 258 миллион теңге төленді. Осы кезге дейін Алматы қаласындағы аудан әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш келіп түсті. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес, (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы №877 қаулысымен бекітілген Терроризм актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бойынша) жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы – 33, Әуезов ауданы – 9, Түрксіб ауданы – 12). Аудан әкімдіктерінің қарауында бүлінген және жанып кеткен автокөліктер жөнінде тағы 45 өтінім бар (Бостандық ауданы – 40, Медеу ауданы – 5). Олар бойынша төлемдерді биылғы жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде жүргізу жоспарланып отыр. Шығынды өтеу үшін өтініштерді жан-жақты тексеру әлі де жалғасып жатыр.