Түркістан облысы Жетісайда жездесінің үйінде жұмыс істеп, еңбекақысын ала алмаған ер адам ұрлық жасады, – деп жазады Polisia.kz.
Полицияға арызданған жергілікті тұрғын қорасындағы үш бас қошқары ұрланғанына арызданған. Шығын көлемі – 180 мың теңге.
Жан-жақты тексеру нәтижесінде, полицейлер бейнежазбалардан күмәнді көлікті тауып, күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің қайын інісі екені белгілі болды.
Күдікті жездесінің үйінде ақыға жұмыс істеген. Туыстар арасында ақшаға қатысты түсінбеушілік болған. Ақшаны ала алмаған қайын інісі еңбеақының орнына деп жездесінің қошқарларын ұрлап кеткен.
Қошқарларды сатып, ақшасын жұмсап жіберген.
Істің ақ-қарасын сот анықтайды.