Алматыдағы супермаркетте өрт шықты
Алматыдағы супермаркетте өрт шықты
©zakon.kz
437
оқылды
Өрт Түрксіб ауданындағы Huseinoff супермаркетінің ғимаратында шыққан. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Екі қабатты супермаркет өртеніп кеткен. «ТЖД жоғарылатылған шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істеді (55 қызметкер және 15 техника). Штаб жұмыс істеп жатыр, өрт сөндіру сатысы қойылды. Өрт сағат 11:06-да ауыздықталды» делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.