«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы күрт құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады.
Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 25 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында – желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.