Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Өскеменде 2018 жылы туған бала аулада ойнап жүріп, флягқа кіріп отырып, кептеліп қалған.
Баланың айқайлағанын естіген әпкесі дереу 112 қызметіне хабарласқан.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы ақырын шығарып алуға тырысты. Бірақ аяқтары қысылып қалғандықтан арнайы құрылғының көмегімен флягты кесіп, баланы алып шықты», – дейді департамент өкілі.