Өскеменде төрт жасар бала флягтан шыға алмай, кептеліп қалған – видео
Өскеменде төрт жасар бала флягтан шыға алмай, кептеліп қалған – видео
Фото: видеоден скриншот
324
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Өскеменде 2018 жылы туған бала аулада ойнап жүріп, флягқа кіріп отырып, кептеліп қалған. Баланың айқайлағанын естіген әпкесі дереу 112 қызметіне хабарласқан.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы ақырын шығарып алуға тырысты. Бірақ аяқтары қысылып қалғандықтан арнайы құрылғының көмегімен флягты кесіп, баланы алып шықты», – дейді департамент өкілі.
Балаға дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.   https://youtu.be/irvPt291x_8 Бұған дейін басына кастрюль кептеліп қалған бала туралы жазған болатынбыз.