Алматы облысында картинг алаңында 10 жастағы бала қаза тапты.
Полиция департаментінің мәліметінше, істің мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Алматы облысында 10 жасар баланың қазасынан кейін картинг директоры күдікті ретінде танылды.
Іле ауданындағы картинг алаңында болған қайғылы оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Қылмыстық іс материалдары бойынша 41 жастағы картинг орталығының директоры күдікті деп танылды. Тергеу барысында күдіктіге қатысты «келуге міндетті» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», – деді ПД-нің өкілі.
Қылмыстық істі департаменттің тергеу бөлімі бақылауға алды.