Ыстамбұл медицина факультеті
Ыстамбұл медицина факультеті
412
оқылды
Османлы дәуірінің алғашқы ауруханасы болған және 1470 жылы құрылған «Фатих Дарушшифасынан (Fatih Darüşşifası) бастау алатын Ыстамбұл медицина факультеті жүздеген жылдық тәжіриесі бар тамыры терең, халыққа ұсынған білікті медициналық қызметімен, мықты ғылыми зерттеулерімен және дайындаған білікті мамандарымен Түркияның жетекші медицина факультеттерінің бірі болып табылады. Факультет Хирургия кафедрасы, Жалпы медициналық білім беру кафедрасы және Негізгі медициналық білім беру кафедрасы болып үш кафедраға және жалпы 45 мамандыққа бөлінеді. Түркиядағы медицина саласының іргетасын құрған Ыстамбұл медицина факультеті еліміздің басқа да медицина факультеттерінің ұстаздары мен дәрігерлерін оқытып, өз ауруханаларымен халыққа адал қызмет етіп келеді.

Әдебиет факультеті

Әдебиет факультеті білім беру, оқыту және ғылыми-зерттеу қызметін 21 кафедра және 8 ғылыми орталықпен жалғастырып келеді. Факультетте 40 мамандық бойынша мамандар дайындалады. Ұлттық және халықаралық деңгейде ғылым мен білімге қосқан үлесінің арқасында қоғамда үлкен беделге ие. Бүгінгі таңға дейін факультет қабырғасынан білім нәрімен сусындалған түлектердің көптігі сондай, факультет тіпті жеке басына бір университет болуға да лайықты. Факультет өзінің білікті түлектерімен, бай зертханаларымен және 200 мыңнан астам қолжетімді ақпарат ресурстарымен студенттеріне кең көлемде мүмкіндіктер ұсынып келеді.

Заң факультеті

Ыстамбұл университетінің заң факультеті ғылыми зерттеулерде, заңдастыру қызметінде және заңгерлік білім беруде жетекші орның сақтап келеді. Заң факультетінде мемлекеттік құқық және жеке құқық кафедраларында барлығы 18 мамандық бар. Факультеттің 100 мыңның аса кітап, 50 мыңнан астам мерзімді басылым және электронды ресурсы бар Түркияның ең бай кітапханасына ие.

Экономика факультеті

Түркияның алғашқы ашылған экономика факультеті болып табылатын Ыстамбұл университетінің Экономика факультет 7 кафедра және 8 мамандық бойынша әлеуметтік ғылымдар саласында пәнаралық оқу мүмкіндігін жетілдіріп келеді. Басқа мамандықтармен байланыста кең ауқымды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-жетілдіру жұмыстарды жүзеге асырып, қоғамның барлық топтарымен, мемлекеттік және жеке мекемелер мен ұйымдармен байланыста және ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Халықаралық деңгейдегі профессорлық-оқытушы құрамы бар, өз студенттеріне сапалы білім беретін факультетіміз ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және ғылыми жарияланымдарымен беделді және үздік, дәстүр мен болашақты бір-біріне мықтап байлаған факультетке айналды.

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Ыстамбұл университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультеті «Түркияның жетекші жаратылыстану ғылымдары факультеті» болу мақсатымен қызметін жалғастырып келеді. Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі студенттерінің біліктілігін арттыру, оқу бітіргеннен кейін арманындағы жұмысқа орналасу, қызметтің түріне қарамастан өз артықшылықтары мен жетістіктерін ортаға қоя білулері. Факультетіміз соңғы технологиялармен жабдықталған зертханаларымен іргелі ғылым салаларында білім алып, ғалым болғысы келген барлық талапкерлеріміз бірінші кезекте таңдау жасайтын факультетке айналды.

Саясаттану факультеті

Саясат ғылымдары факультеті 2006 жылдан бастап саясаттану, саясаттану және халықаралық қатынастар, мемлекеттік басқару және бизнесті басқару кафедраларымен білім беру саласында қызметін жалғастырып келеді. Түлектеріміздің мемлекеттік сектордағы, жеке сектордағы және азаматтық қоғамдағы белсенділігі факультеттің білім сапасының жоғары көрсеткіште екендігінің дәлелі. Өнегелі өткені, пәнаралық және халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламалары, студенттерінің әлеуметтің және мәдени белсенділігі, жаһандану және түлектермен тығыз қарым-қатынас деңгейі Саясаттану факультетінің артықшылықтарының қатарында. теология

Теология факультеті

Ыстамбұл университеті Теология факультеті 200-ден аса профессорлық-оқытушы құрамымен Түркиядағы ең үлкен теология факультеттерінің бірі. Факультетіміздің ағылшын, араб және түрік тілінде бакалавриат бағдарламалары бар. Сонымен қоса факультет студенттері Халықаралық теология (UİP), Erasmus+ және Мевлана (Mevlâna) секілді халықаралық және Фараби (Farabi) секілді жергілікті студент алмасу бағдарламаларымен оқи алады. Факультетімізде өз саласының білікті ұстаздары студенттерімізді ғылымға, даналыққа және ілімге баулып, ғылым әлемінде мойындалған факультет атағын абыроймен ұстап келеді.

Мемлекеттік консерватория

Тарихы Түркия Республикасына Османлы империясынан мирасқа қалған екі үлкен өнер орталықтарынан бірі болған Дарул-Элханға (осман. Darül-Elhan, Әуендер/Әндер үйі) тірелетін, тарихы тереңде жатқан Мемлекеттік консерватория Түркиядағы барлық өнер саласы үшін құнды өнерпаздарды дайындап, қызметінің арқасында өз атын шығарып келеді. Музыка, музыкатану және орындаушылық өнері бөлімдерімен қызметін жалғастырып жатқан консерватория әлемді өнер арқылы түсінуге тырысатын, мемлекеттік деңгейден халықаралық деңгейге дейін талпынатын және өз өнерінің қоғам үшін құндылығын арттыра білетін өнерпаздарды дайындап келед

Шет тілдері кафедрасы

Стамбул университетінде жоғары білім алу үшін келген түрік және шетелдік студенттерге неміс, француз, ағылшын және түрік тілдері оқытылып, әлем тілдері арқылы ғаламдық мәдениеттің тереңдігімен сусындатамыз. Шет тілдері кафедрасының мақсаты – шет тілдерін оқыту саласындағы әлемдегі жаңалықтарды жіті қадағалай отырып шет тілдерді ең заманауи әдістер арқылы студенттерге болашақта осы тілдерді оқуда және бизнесте пайдалануға мүмкіндік беретін деңгейде үйрету. Университеттің Шет тілдері кафедрасы студенттерін бакалавриат бағдарламасына дайындауда және шет тілін оқытуда ойға келетін бірінші кафедра болу.

Фармацевтика факультеті

Ыстамбұл университетінің Фармацевтика факультеті өз саласында беделді, тәжірибелі және мықты профессорлық-оқытушы құрамымен оқу-ағарту, зерттеу және халыққа қызмет ету жолын жалғастырып келеді. Факультет дәрі-дәрмек өндіруден бастап, оны науқасқа жеткізуге дейінгі барлық сатыда толық біліктілікпен міндет және жауапкершілік ала алатын, белсенді, жаңашыл, жауапты және тәуелсіз ғылыми ойлай алатын түлектер тәрбиелеп келе жатыр. Осылайша факультетіміз Түркиядағы көшбасшы фармацевтика факультеті болу ерекшелігіне ие.

Сәулет өнері факультеті

Сәулет өнері факультетінің қарамағында сәулет өнері кафедрасы, қалалық және аймақтық жоспарлау кафедрасы, ішкі сәулет кафедрасы және өнеркәсіптік бұйымдарды жобалау кафедралары бар. Жергілікті және әлемдік деңгейде пәнаралық зерттеулер жүргізетін, сәулеттік ортаны әмбебап деңгейге көтеретін мамандар мен академиктерді дайындайтын факультет дәстүрлі және заманауи сәулет өнерінің монументалды құрылымдарына жақын жерде орналасуымен студенттеріне білім алуға ынталандырады.