Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектебінде 12 сәуір күні мұғалім оқушыны шапалақпен ұрған. Бұл туралы Маңғыстау облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Осы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жәбір көрген қыздың ата-анасы мұғалімге қолданылған жазаны қайта қарауды талап етіп отыр.
«Түпқараған аудандық білім бөлімінің 12 сәуірдегі бұйрығы бойынша Ақшұқыр мектеп-гимназиясының мұғалімі қатаң сөгіс алды. 14 сәуірде жоғарыда көрсетілген бұйрық негізінде педагог өз еркімен жұмыстан шықты» делінген білім басқармасының хабарламасында.
Мектеп басшысы ескерту алды.
Алайда ата-ана бұл шешіммен келіспегендіктен, мәселе қайта қаралмақ.
https://youtu.be/qUnsjyemWpE
Оқушының ата-анасы жұмыстан кеткен мұғалімді педагогтік қызметпен айналысу құқығынан айыру мен болашақта білім саласына жолатпауды талап етіп отыр.