Миллион теңге тұратын мысты ұрлағандар арасында 34 жастағы әйел де бар  
Миллион теңге тұратын мысты ұрлағандар арасында 34 жастағы әйел де бар  
Фото: mkkaluga.ru
Жамбыл облысында полицейлер 335 келі мысты ұрлаған ұрыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жуалы ауданының 47 жастағы тұрғыны 335 келі мыс металы ұрланғаны туралы арызданған. Жәбірленуші биыл 21 сәуірден 22 сәуірге қараған түні ұрылар үйдің жанында орналасқан қойманың құлпын бұзып кіріп, металды ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын көлемі шамамен – 1 миллион теңге. Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер 27, 28 жастағы екі ер адамды және 34 жастағы бір әйелді анықтап, ұстады. Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдіктілер 5 қап, яғни 125 келі мысты ұрлап, Түркістан облысындағы металл қабылдау орнына 342 мың теңгеге өткізгені белгілі болды. Тергеу жүргізіліп жатыр.