Қызылордадағы фирмадан 74,5 млн теңге қаражат ұрлаған ер адам ұсталды
Қызылордадағы фирмадан 74,5 млн теңге қаражат ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz
280
оқылды
Қызылордалық полицейлер 10 жыл бұрын фирмадан 74,5 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді. 56 жастағы Қостанай облысының тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, “қамауға алу” бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланған. Бұл оқиға бойынша арнайы іздестіру ісі ашылып, тиісті шаралар жүргізілді. Белгілі болғандай, 2012 жылдың ақпан айында күдікті сыбайласымен бірге жалған келісімшарт негізінде Қызылорда қаласындағы фирмалардың бірінен 74 580 940 теңге көлемінде ақшаны банк арқылы есепшотына аударып, жымқырып кеткен. Іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген қылмыскерді Ақмола облысында ұстап, Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алды.